«Қазақ тілінің мәртебесі жөніндегі мәселені қашанға дейін айтуға болады, нақты жұмысты қашан бастаймыз «, — деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы осыған орай үкіметке, «қазақ тілін оқыту сапасын көтеру қажеттігіне үлкен назар аудару керек», деді.
«Халықаралық тәжірибе негізінде қазақ тілін оқыту тәсілдері мен заманауи бағдарламаларын дайындап енгізу керек», — деп атап өтті ол. «Мен қазақ тіліндегі оқулықтарды тағы саралап шығып, олардың тілді оқуға ешқандай қызығушылық тудырмайтынына көзім жетті. Бұл мәселені шешу керек «, -деп атап өтті президент.
Н. Назарбаев сондай-ақ үкіметке «»Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын тез іске асыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті