«Тыйым салу себебі өтініште шығындардың жекелеген баптары бөлімінде тариф жобасын есептеудің қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтерінің болмауы», — деп хабарлады мекемедегілер.
Заңға сәйкес өтініш 55 күн ішінде қаралады. «Өскемен-Водоканал» МҚК-на қатысты шешім сол күні-ақ қабылданған.
Бұрын хабарлағанымыздай, 5-ақпан күні «Өскемен-Водоканал» МҚК басшылығы су шаруашылығы және канализациялық жүйе қызметіне тарифті 2008 жылдың 1-сәуірінен бастап 59 пайызға ұлғайту қажеттігі жөнінде мәлім еткен болатын.
«Өскемен-Водоканал» МҚК жылдың екінші жартысында тарифті көтеру жөніндегі келесі өтінішін үстіміздегі жылдың мамыр айында беруге құқығы бар», — деп атап көрсетті мекемедегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті