Түркиядан Ақтауға "экстази" жеткізіп тұрған есірткі сатушы топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядан Ақтауға "экстази" жеткізіп тұрған есірткі сатушы топ құрықталды

Түркиядан Ақтауға "экстази" жеткізіп тұрған есірткі сатушы топ құрықталды

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның есірткі полициясы синтетикалық "экстази" есірткісін Түркиядан тасымалдау арнасын жолға қойып, оны Ақтау қаласының түнгі клубтарына таратқан есірткі сатушы топты тұтқындау бойынша үш айға созылған операцияны сәтті аяқтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Ақпан 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Баспасөз баянында хабарланғандай, үстіміздегі жылдың 30-қаңтарында Маңғыстау облыстық ІІД Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері топтың үш мүшесін тұтқындаған. Олардан ойын-сауық мекендерінде сатуға дайындалған «экстазидің» 60 таблеткасы тәркіленген. Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, таблеткалар ұшақпен Стамбул қаласынан жеткізілген.

Биылғы жылы бұл ІІМ Есірткі саудасымен күрес комитетінің бөлімшелері жүргізген төртінші халықаралық операция және аталмыш топтың Қазақстаннан соңғы екі жылда табылған алғашқы партиясы болып табылады, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті