Ауғанстанда апиын алқаптарының көлемі былтырғы жылдың деңгейінде қалады - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда апиын алқаптарының көлемі былтырғы жылдың деңгейінде қалады - БҰҰ

Ауғанстанда апиын алқаптарының көлемі былтырғы жылдың деңгейінде қалады - БҰҰ

Алматы. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстанда апиын алқаптарының көлемі былтырғы жылдың деңгейінде қалады. Бұл туралы есірткіге және қылмыстарға қарсы басқармасының баяндамасында көрсетілген деп, хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 7 Ақпан 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

Баяндамада көрсетілгеніндей, өткен жылы бұл өсімдік 192 мың гектар жерге егіліп, өнім жиналды. Биыл апиын былтырғы жылдың көлемінде алынады деп топшылануда.

Баяндама авторларының есебінше, биылғы жылы Ауғанстанның 10 ауданында апиын отырғызылмайды. Сонымен қатар, ауған апиынның төрттен үш бөлігі үкімет бақыламайтын аудандарда егіліп, өсіріледі. Талибтер қадағалап отырған елдің оңтүстік батысында өсіріліп жатқан өсімдік көлемінің ұлғайтылғаны байқалады. Бұл болжамдар ауған ауылдарындағы қарттармен әңгімелесіп қайтқан сарапшылардың деректеріне сүйеніп келтірілген.

«Ауғанстан нақты майдандық желілерге бөлінген мемлекетке айналып барады, оның бір жағында талибтер мен есірткі. Апиын талибтер үшін қомақты табыс көзі болып отыр», — ден мәлімдеді БҰҰ ЕҚБ директоры Антонио Мария Коста.

Антонио Мария Коста Еуропа, Ресей және ауған есірткісінің тасымал жолдары өтетін елдерді халықтың денсаулығы мен мемлекеттерге төніп тұрған қауіпке қарсы тұру үшін бар күшті жұмылдырып, бірігуге шақырды.

Баяндамада айтылғанындай, Ауғанстан бүгінде әлем бойынша есірткіні жеткізетін ірі жабдықтаушыға айналды. Болжам бойынша биылғы жылы 70 мың гектар жерге апиын отырғызылады. Есірткі негізінен Парсы шығанағына, оның оңтүстік шегарасынан Пәкістан мен Иранға тасымалданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті