Қостанай және Қарағанды облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай және Қарағанды облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Қостанай және Қарағанды облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты

Алматы. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай және Қарағанды облыстарында өрттердің салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Ақпан 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 6 ақпанда Қостанай облысының Рудный қаласында 18 сағат 05 минутта бес қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 10 адамының күшімен сөндірілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қарағанды облысының Агрогородок кентінде 4 сағат 08 минутта өрт сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 6 адамының күшімен 5 сағат 03 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті