Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат әскери киім киіп жүруді реттейтін заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Әскери киімді заңды және жеке тұлғалардың пайдалануын (киюін) шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарладйы Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

Соған сәйкес, Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс пен «Күзет қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.

Әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер «әскери кімді, айыру белгілерін, мемлекеттік әскерилендірілген, құқық қорғаушы және бақылаушы органдардың нышан белгілерін заңсыз пайдаланушы заңды тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Күзет қызметі туралы заңға «республика аумағында күзет іс-қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттілігін нақтылайтын» түзетулер енгізіледі.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті