Кәрім Мәсімов өздерінің міндеттемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарын бұзуға тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов өздерінің міндеттемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарын бұзуға тапсырма берді

Кәрім Мәсімов өздерінің міндеттемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарын бұзуға тапсырма берді

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Кәрім Мәсімов өздерінің міндеттемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарттарын бұзуға тапсырма берді. Үкімет басшысы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық кеніштер бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында келісім-шарттағы міндеттемелер орындалмаған барлық уағдаластықтарды бұзып, кеніштерді мемлекеттің иелігіне қайтарып, оларды, президенттің айқанындай, «Самұрық» компаниялары мен ӘӘК арасына таратып беру керек», — деді Кәрім Мәсімов.

Еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, 2007 жылы Қазақстанда 831 нысан бойынша мониторинг жүргізілген : небәрі 454 келісім-шарты бойынша қаржылық міндеттемелер 100% орындалса, 97 келісім-шарты бойынша 30% кем орындалған. «Бұл 97 келісім-шарты бүгінде бұзылды. Тағы 182-де келісім-шарты міндеттемелері мен лицензиялық шарттардың бұзылғандығы жөнінде хабарландыру жіберілді», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті