«Кластағы температура сегіз градустан аспайды. Біздің балалармен қоса өсімдіктер де қатып қалды. Ең суық күндері кластардағы температура ноль грудасқа дейін төмендеген «, — деп түсіндірді № 43 мектеп директоры Галина Западня.
Мектеп директорының айтуынша, барлық терезелер бекітіліп, мектеп толық қысқа дайындалған болатын.
«Желтоқсанда қатты аяздар басталғанда жылу беру жүйесіне келіп түскен су температурасы 72 градус болса, шығарда 43 градусты көрсеткен. Яғни, температуралық режим жаман болмаған. Ал ТЭЦ-3 қосымша жұмыс жүктелген кезден бастап, біздегі жылу төмендеді», — деп есептейді мектеп директоры Г. Западня.
Аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының қаулысымен № 43 -мектеп-лицейінде сабақтар 16 ақпанға дейін тоқтатылды.
Санитарных дәрігерлердің мәліметтері бойынша, Еңбекші ауданындағы оқу орындарында сабақтардың тоқтатылу бірінші рет болған жағдай емес. Мәселен, № 38 мектептің бір блогы бөлмелердегі температураның төмен болуынан екі апта бойы карантинге жабылған.
Облыстық білім беру департаменті директорының орынбасары Нышан Байғұтов агенттік тілшісіне хабарлағанындай, облыс бойынша кластардағы температураның төмен болуынан бүгінде тек №43 мектебінде ғана сабақтар тоқтатылды.
«Аудан мектептерінің кейбіреуінде дәрістер тоқтатылған болатын, бірақ қазір қайта орнына түсті. Шымкенттің Еңбекші ауданындағы кейбір мектептерінде кластардағы температура шын мәнінде төмен», — деді Н. Байғұтов.
Мамандардың пікірінше, жаңа жылу желісінің іске қосылуынан Шымкенттің оңтүстік аймағы ТЭЦ-3 жылу ала бастап, жылу желілеріндегі компрессорлық режимі өзгерген. Ал бұл кейбір учаскелерде қысымның төмендеуін тудырған. Енді барлық нысандардағы жылу беретін желілерді тексеріп реттеу үшін уақыт керек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті