«Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне жеткізіп, ұшырылым алдындағы жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешімді кеше мемлекеттік комиссия шығарды.
Кестеге сәйкес «Протон-М» №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысына 7 ақпанда жергілікті сағат 6.30 шығарылды. Зымыран ұшырылым «үстеліне» тік қойылған соң, үш тәулік бойы зымыранның жүйелері мен ұшырылым құрал- жабдықтары тексеріледі.
«Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.
Салмағы 2450 килограмм болатын, «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.
«Тор-2Р» ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті