У. Қарабалин атап өткеніндей, бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» АҚ Қарашығанақ кен орынында бастапқы қуаттылығы 5 млрд текше метрге жететін, (кейін оны 10 млрд текше метрге дейін жеткізу жоспарланған) газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жөнінде мәселесін көтерген.
Бұл жобаны іске асыру мақсатында 2007 жылдың ортасында техникалық экономикалық негіздемесін жасайтын жұмыс тобы құрылды. «ТЭН Қарашығанақты игерудің 3 кезеңімен байланысты болғандықтан, мердігерлер бұдан бұрын 3 кезеңнің концептуалдық жобалауын жасаған арнайы мамандырылған жобалық «Дженесис» компаниясын жұмылдырды», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Ұлттық компанияның есеп -қисабы бойынша, ГӨЗ құрылысына $1,6 млрд жұмсалып, бұл ақша 9 жылдан соң өзін ақтайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті