"Қазатомпром" биылғы жылы уран өңдіру көлемін 42% ұлғайтуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазатомпром" биылғы жылы уран өңдіру көлемін 42% ұлғайтуды көздеп отыр

"Қазатомпром" биылғы жылы уран өңдіру көлемін 42% ұлғайтуды көздеп отыр

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның "Қазатомпром" Ұлттық атом компаниясы биылғы жылы уран өңдіру көлемін 42% ұлғайтып, 9,4 мың тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл жөнінде ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен коллегиясында компания басшысы Мұхтар Жәкішев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 512
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы 9,4 мың тонна көлемінде уран өндіру жоспарланған, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен сәйкестендіргенде 42% артық «, — деді М. Жәкішев. Оның сөздеріне қарағанда 2007 жылы шығарылған уран көлемі 6,6 мың тоннаны құрады.

Оның ақпараты бойынша 2007 жылы компанияның топтасқан табысы 35 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Биылғы жылы оның көлемі 62 млрд болады деп жоспарланған.

Биылғы жылы топтасып сатылған өнім деңгейі 176 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде. Ал бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 50% артық болады, деді М. Жәкішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті