Қазақстанның Есеп комитеті салық тәртібінің деңгейі төмен екендігін атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Есеп комитеті салық тәртібінің деңгейі төмен екендігін атап өтуде

Қазақстанның Есеп комитеті салық тәртібінің деңгейі төмен екендігін атап өтуде

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі ҚР есеп комитеті салық тәртібінің деңгейі төмен екендігін атап өтуде, деп мәлімдеді Есеп комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында мекеме басшысы Омархан Өксікбаев, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Тек ішінара жүргізілген тексерулерге сәйкес, Есеп комитеті кіріс бойынша жалпы көлемі 8,6 млрд теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады. Бұл қаржыға өзіміз анықтаған 12,6 млрд теңгенің жер қойнауын пайдаланудың жазба бонустарын қоса аламыз, бұл қаражат 2005-2007 жылдары инвестициялық бағдарламалардың жеңімпаздарынан бюджет кірісіне аударылмай қалған», — деді О. Өксікбаев.

Оның айтуынша, мұндай жайтқа қаржы және энергетика министрліктерінің салық комитеттерінің іс-қызметінде үйлестірушіліктің болмауы ғана себеп болған.

«Біз салық әкімшілігі шаралары мен жалпы салық заңнамасының қолданыстағы нормаларының тиімділігін бағалауға сараптамалық-талдамалық жұмыстар жүргіздік. Біз салық заңнамасы қазіргі заман талабына ілесе алмай қалды деген тұжырымға келдік. Жаңа Салық кодексінің жобасын жасау талап етіледі», -деді О. Өксікбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті