Есеп комитетінің қызметкерлері анықтаған жалпы заң бұзушылықтар көлемі 108,2 млрд теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есеп комитетінің қызметкерлері анықтаған жалпы заң бұзушылықтар көлемі 108,2 млрд теңгені құрады

Есеп комитетінің қызметкерлері анықтаған жалпы заң бұзушылықтар көлемі 108,2 млрд теңгені құрады

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің қызметкерлері анықтаған жалпы заң бұзушылықтар көлемі 108,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Есеп комитетінің бүгін өткен кеңейтілген отырысында мекеме басшысы Омархан Өксікбаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 7 Ақпан 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Есеп комитетінің 2007 жылғы жұмысының жалпы сандық және сапалық көрсеткіштері мынадай: ерсілі-қарсылы тексерулерді ескергенде, барлығы 375 нысан тексерілген, немесе Есеп комитетінің 1 ревизорының үлесіне жылына 12 нысаннан келген, ал заң бұзушылықтар 172 бақылау нысанында анықталды; беті ашылған заң бұзушылықтардың жалпы көлемі 108,2 млрд теңге, немесе бір қызметкерге 1,5 млрд теңгеден келді», — деді О. Өксікбаев.

Оның мәліметтерінше, тексерулердің қорытындысы бойынша 6,6 млрд теңге, немесе Есеп комитетінің бір ревизорына 0,2 млрд теңгеден өндірілген. «Сөйтіп, Есеп комитетінің іс-қызметінің есептік ақталу көрсеткіші 2006 жылы 9 есе, 2007 жылы 20 есе өсті», — деді О. Өксікбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті