Салық тексеру қорытындылары бойынша екі жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық тексеру қорытындылары бойынша екі жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді

Салық тексеру қорытындылары бойынша екі жылдың ішінде жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Салық органдарының 2005-2007 жылдарына жүргізген тексеру қорытындылары бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушылардан 8 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы бүгін ҚР қаржы министрлігінің коллегиясында ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлімдеді.

  • 7 Ақпан 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«2005-2007 жылдарына жүргізілген салық тексеру қорытындылары бойынша ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қосымша салынған айып пұлдар, төлемдер мен салық мөлшері 564 млрд теңгеден асты», -деді Б. Жәмішев.

«Назар аударар болсақ, бұл мөлшер саны 2005 жылы 12 млрд теңгені, ал 2006 жылы- 25,3 млрд теңгені құрады. Онда бұл жерде қосымша қанша салық салынғанын байқауға болады «, — деп атап өтті ол.

Министр атап өткеніндей, ал бүгінгі күні тек 8 млрд теңге өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті