Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді

Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Кеше түнде Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм ақ-сары түсті зат (героин тәріздес) тәркіленді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Ақпан 2008
  • 373
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қостанай облысының «Ақбөлшек-авто» шекара бақылау бөлімінің шекарашылары жеке меншік көлігімен Ресейге бет алған Қазақстан азаматын ұстаған.

«Қызметтік итті пайдаланып, көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 19 кг ақ-сары түсті зат (болжам бойынша героин) оралған 36 полиэтилен дорба табылды»,- деп хабарлады баспасөз қызметі. Қостанай облысының кедендік бақылау департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері аталмыш затқа сараптама жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті