ОҚО полиция қызметкерлері бес келі есірткіні тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО полиция қызметкерлері бес келі есірткіні тәркіледі

ОҚО полиция қызметкерлері бес келі есірткіні тәркіледі

Шымкент. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның екі азаматы бес келі есірткіні сатқан кезде ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 8 Ақпан 2008
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Сарыағаш ауданында Ташкент -Алматы тас жолында орналасқан «Қазығұрт» бекетінің жанында 6 ақпанда сағат 16.00 ішкі істер департаментінің шұғыл уәкілдері бес келі есірткіні сатқан кезде Өзбекстанның 22 және 32 жастағы екі азаматын ұстады. Олардың бірі тауардың иесі, екіншісі сатушысы болған «, — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз хатшысы, подполковник Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері есірткінің қазақ-өзбек шекарасы арқылы контрабандалық жолмен өткізілгенін анықтаған.

Күдіктілер ұсталып, оларға қатысты ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті