Қазақстанда ішкі істер органдарына 241 қару-жарақ өткізілген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ішкі істер органдарына 241 қару-жарақ өткізілген

Қазақстанда ішкі істер органдарына 241 қару-жарақ өткізілген

Астана. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда халықтан қару-жарақ сатып алу акциясы басталғалы бері 241 қару өткізілген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығынан хабарлады.

  • 8 Ақпан 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Халық 241 қару өткізді. Оның ішінде, криминалистикалық сараптамадан және мәліметтер базасы бойынша тексеруден өтіп жатқан 38 ойындылы және 197 тегіс оқпанды қару бар», — деп хабарлады баспасөз орталығындағылар.

Сонымен бірге, 1,3 кг жарылғыш зат пен бір жарылғыш құрылғы тапсырылған.

Баспасөз орталығының ақпаратына сүйенсек, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін мемлекет тарапынан әрбір тапсырған қаруға оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлеу қарастырылған. Тіркелмеген қару-жарақ және дарылғыш зат тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Полиция қызметкерлері хабарлағандай, халықтан қару-жарақ пен жарылғыш заттар сатып алу туралы заңмен қатар ішкі істер органдарында сатып алынған зақымдаушы оқпансыз қаруды тіркеу жүйесі енгізілген. Осыған байланысты ІІМ мұндай қаруды тіркеуге алудың үш айлық мерзімін (1-ақпаннан 30-сәуірге дейін) бекітті. Ол мерзім аяқталғаннан кейін ондай қару түрі заңсыз сақталған қару ретінде тәркіленетін болады.

Қазіргі уақытта бұрын сатып алынған зақымдаушы қаруды тіркеу туралы 542 арыз келіп түскен. Оның 312-сі «Оса» пистолеті, 192 — «Стражник» және 38 «Лидер» пистолеттері, — деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті