Өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізу бойынша дүниежүзіндегі ең жоғары қарқын байқалуда - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізу бойынша дүниежүзіндегі ең жоғары қарқын байқалуда - БҰҰ

Өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізу бойынша дүниежүзіндегі ең жоғары қарқын байқалуда - БҰҰ

Алматы. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізу бойынша дүниежүзіндегі ең жоғары қарқын байқалуда. Бұл туралы БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) "2007-2008 жылдардағы ақпараттық экономика туралы: даму ғылымы мен технологиясы - Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа парадигмасы" атты баяндамада айтылған, деп хабарлайды агенттік БҰҰ-ның ақпараттар орталығына сілтеме жасап.

  • 8 Ақпан 2008
  • 607
Фото - Caravan.kz

Баяндамаға сәйкес, әзірге интернет тұтынушыларының басым бөлігі өнеркәсіптік жоғары деңгейде дамыған елдерде тұрып жатыр. Алайда өтпелі экономикалы және дамушы мемлекеттер қарқын ала түсуде. Егер 2002 жылы дамыған елдердегі интернетке қол жеткізу индексі дамушы елдердегі көрсеткіштен он есе артық болса, 2006 жылы бұл артықшылық алты есе болды.

БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының мәліметінше, 2002 — 2006 жылдар аралығында өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізудің ең жоғары жыл сайынғы өсім қарқыны байқалды. Бұл салада Беларусь пен Хорватия алда келеді. Бұл елдердегі интернетке қол жеткізу деңгейінің көрсеткіші тиісінше 57% және 35% құрайды.

ВБаяндамада тағы бір ерекше назар аударылған мәселе, іскерлік және онымен байланысты қаржылық операцияларды электронды байланыс жолымен жүзеге асыруда интернет арқылы ақпаратқа қол жеткізу, арақашықтық пен ұлттық шекаралардың жойыла бастауы кедей елдерде экономикалық ілгерілеушілікке қол жеткізуге мүмкіндіктер тудыруда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті