Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдарияның жағалауындағы елдімекендердің тұрғындарын көшіруге дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдарияның жағалауындағы елдімекендердің тұрғындарын көшіруге дайындалуда

Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдарияның жағалауындағы елдімекендердің тұрғындарын көшіруге дайындалуда

Шымкент. 8 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдарияның жағалауындағы елдімекендерге су астында қалу қаупі төніп тұр. Бұл туралы кеше өткен кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішев хабарлады.

  • 8 Ақпан 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Біздің есептеуімізше, Сырдарияның жағалауында орын тепкен 15 516 адамы бар 20 елдімекеннің су ішінде қалу қаупі бар. Соның ішінде 9 407 адам нақты көшіріледі», — деді И. Әбішев.

Облыс әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, соңғы мәліметке сай судың деңгейі Көксарай елдімекені маңында белгіден бір метрге, ал Балтакөл ауылының маңында екі метрге көтерілген.

Мамандардың пікірінше, Шардара су қоймасынан тасталатын судың көлемін бұдан әрі ұлғайту (қазіргі жағдаймен бұл көлем секундына 700 текше метрді құрайды) судың жағалауға шығып кетуіне түрткі болмақ. Секундына 750 текше метр су тасталған жағдайда мыңдаған гектар аумақ, ал 800 текше метр тасталса — 10 мың гектар аумақ су астында қалайын деп тұр.

Дегенмен, И. Әбішевтің айтуынша, «бұл тек болжамдық көрсеткіштер ғана. Тіпті секундына 700 текше метр су тасталғанның өзінде өзенде мұз бөгеттер түзіліп, сол маңға таяу қатерлі аймақта жатқан елдімекендерді су басып қалуы ықтимал».

Қазір Ақкөл, Байтоғай елдімекендерінің маңында бұрыннан бар қорғаныс бөгеттерін тұрғызу мен Суағар, Маяқұм каналдарын бөгеттерді көтере отырып, тазарту жұмыстары жүргізілуде.

И. Әбішевтің айтуынша, қазір Сырдарияға таяу орналасқан ауылдарда жиналып көшу пункттері құрылып, құтқарушылардың оперативтік топтары тәулік бойы кезекшілік жасауда. Халық арасында оқу-жаттығулары жүргізілуде. Су астында қалу қаупі бар аймақтарға ауыр техника жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті