«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестердің жетекшілік қызметіне ұсынылған кандидаттар жіті қарастырылып, бүгінгі жиынға қатысып отыр», — деді Ә. Жақсыбеков.
Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Кеңесін Оралбай Әбдікәрімов басқарады.
Ә. Жақсыбеков атап өткеніндей, кеңесті құру — «кезекті науқандық шара емес». «Бұл жұмыс — ұзаққа жоспарланған және біздерден бұл жұмыстың тиімділігін көріп, оны жүзеге асыру ниетімізді, оған зейін салуымызды талап етеді», — деп атап өтті ол.
«Кеңестің басты мақсаттарының бірі — әрбір облыста, қалада,кенттерде, ауылдарда сыбайлас жемқорлық жағдайларына орын бермеу ахуалын туғызу», — деп мәлімдеді партия төрағасының бірінші орынбасары.
Оның сөздері бойынша, кеңестер жұмысының негізгі тәсілі болып «нақты сыбайлас жемқорлық жағдайлар қарастырылып тиісті органдарға жіберу, осы істер бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, лауазым иелері тарапынан жасалған және сыбайлас жемқорлықтың нышандары байқалған жағдайларға саяси-қоғамдық бағаларды беруді қалыптастыру».
«Ең маңыздысы, адамдардың қоғамдық кеңестердің қоғамды сыбайлас жемқорлықтан аластата алатын мүмкіндігінің бар екенін көруі қажет», — деп қорытындылады Ә. Жақсыбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті