БҚО бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықтылды

БҚО бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықтылды

Орал. 8ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне БҚО ішкі істер департаментінде хабарлады.

  • 8 Ақпан 2008
  • 382
Фото - Caravan.kz

Үш адамнан құрылған топ, облыс аймағында кәсіпкерлікпен айналысатындарды қанатының астына алу үшін бопсалаумен айналысқан «, — деп хабарлады полициядағылар.

Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша қылмыстық топтың мүшелері 2007 жылдың 7 мамыр айынан БҚО Теректі ауданының бір тұрғынын қорқытып, жер учаскесін тартып алмақшы болған.

Полицияның жүргізген арнайы операциясы кезінде Оралдың екі тұрғыны мен Ресейдің Волгоград облысының тұрғыны ұсталды. Қылмыстық топтың бір мүшесінен 8 оғы бар 9 мм калибрлі тапаншасының оқтізері және ұнтақты заты бар орам тәркіленді.

Полицияда атап өткеніндей, «бүгінде бұлардың басқа қылмыстарға қатысының бары анықталып, дәлелдік негіздерін бекіту шаралары жүргізілуде».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті