Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 ақпанда 1 сағат 15 минутта белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем көлігі оқиға орнына келгенше көз жұмды.
Сонымен бірге, 9 ақпанда 1 сағат 44 минутта «Ауди» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 ақпанда 23 сағатта «Субару», «Ауди» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан 5 адам зардап шегіп ауруханаға жатқызылды. Олардың төртеуі 1 мен 4 жас аралығындағы балалар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті