10 ақпан, жексенбіге межеленген «Протон-М» зымыран тасығышы мен Норвегияның «Тор-2Р» жер серігін ұшыру мерзімі резервті күн — 11 ақпанға дейін шегерілді.
Ұшырылымды кейінге шегеруге зымыран тасығыштың ұшырылымын кейінге шегеруге оған отын құю кезінде анықталған ақаулар себеп болған. Бұл ақаулар жойылғаннан кейін «Протон-М»зымыран тасығышына отын құйылады.
Қазір «Протон-М» зымыран тасығышы тік күйінде тұр, барлық ұшырылым алдындағы операциялар толық көлемде атқарылды.
Тор-2Р» ғарыштық аппараты Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 11 ақпанында Астана уақытымен 17 сағат 33 минутта ұшырылады деп күтілуде.
Салмағы 2450 килограмм болатын, «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. «Тор-2Р» ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.
«Тор-2Р» ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті