ТЖМ мәліметінше, 10 ақпанда Мыңбаев ауылында 00 сағат 28 минутта екі пәтерлі үйде өрт шығып, соның салдарынан үйдің шатыры мен үй қабаттарының арасындағы жабын құлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті сөндірген кезде бес адамның мәйіті табылды. Қаза тапқандардың арасында 1 мен 7 жас аралығындағы екі бала бар.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 4 сағатта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 6 адамының қатысуымен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті