ГРЭС-2 үшінші энергоблогы құрылысының дайындық жұмыстарына 2008 жылы 22 млрд теңге игеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ГРЭС-2 үшінші энергоблогы құрылысының дайындық жұмыстарына 2008 жылы 22 млрд теңге игеріледі

ГРЭС-2 үшінші энергоблогы құрылысының дайындық жұмыстарына 2008 жылы 22 млрд теңге игеріледі

Павлодар. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ГРЭС-2 үшінші энергоблогы құрылысының дайындық жұмыстарына 2008 жылы 22 млрд теңге игеріледі.

  • 11 Ақпан 2008
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Бағдарлама бойынша биылғы жылы 3-ші және 4-ші энергоблоктарының құрылыс жұмыстарының дайындығына 22 млрд теңге игеріледі», -деп хабарлады агенттік тілшісіне Екібастұз ГРЭС-2 Стансасында».

Кәсіпорынның ақпараты бойынша, жұмыс тізіміне техникалық және конструкторлық дайындық құжаттары, қазандықтар, турбиналар мен генераторларды шығаратын ресей зауыттарына тапсырыс беру сияқты жұмыстары кірзілген.

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ инвестициялар және даму жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Мұхамедзянов атап өткеніндей, «бәрі мемлекеттік техникалық- экономикалық негіздемелерінің аяқталу мерзіміне байланысты».

Оның сөздері бойынша, бүгінде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен алдын-ала сараптық қорытынды бағалары келіп түсті.

«Аптаның соңына дейін ТЭН толық мемлекеттік сараптмадан өтетін болады. Менің білуімше, қазіргі кезде техникалық мәселелер қаралу керек. Оны Сібір институттары қарастыратын болады», — деп атап өтті Г. Мухамедзянов. Осыдан кейін
«жобаға тағы да қанша инвестиция қажет екендігі анықталады «.

Бұдан бұрын хабарланғанындай екі блоктың құрылысына жұмсалатын инвестиция көлемі 160 млрд 659 млн теңгені құрайды. Оның 30% табиғатты қорғау шараларына жұмсалады. Жоба бойынша №3 блогы 2014 жылы тапсырылады деп жоспарланса, №4 блогы 2016 жылы іске қосылады деп көзделген.

Екібазтұз ГРЭС 2 Қазақстандағы ең жас кәсіпорындардың бірі, ол елде өндірілетін элект қуатының 10 % өндіреді. Кеңес өкіметі кезінде жобаланған ГРЭС-2-нің қуаттылығын ғалымдар 6 қуат блогына дейін кеңейтуді көздеген болатын. 2005 жылдың аяғында ГРЭС -2 негізінде бірлескен қазақстан-ресей кәсіпорны құрылды. Қазақстандық акцияның жартысы «Самырұқ» АҚ иелегінде болса, қалған 50% «РАО Интер ЕЭС» ЖАҚ меншігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті