ШҚО апта ішінде өткір респираторлық вирусты инфекция дертінің деңгейі 8,5% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО апта ішінде өткір респираторлық вирусты инфекция дертінің деңгейі 8,5% құрады

ШҚО апта ішінде өткір респираторлық вирусты инфекция дертінің деңгейі 8,5% құрады

Семей. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында апта ішінде өткір респираторлық вирусты инфекция дертінің деңгейі 8,5% құрады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінде хабарлады.

  • 11 Ақпан 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Облыс бойынша 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткір респираторлық вирусты инфекциясы туындаған 6016 оқиға тіркелді. Өткен аптадағы көрсеткіштерімен салыстырғанда дерт көлемінің деңгейі 8,5% өсті», деп хабарлады департаментте.

Жалпы ауруға шалдыққандардың 56,1 % (3373 оқиға) 14 жасқа дейінге балалар. Апта ішінде 128 адам ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша бір аптаның ішінде тұмауға шалдыққан 12 оқиға тіркелді. «Эпидемиологиялық жағдай ушыққаннан бері 22 ауру тіркелді. Оларды зерттеу кезінде кезінде 15 В типтес тұмауы, 3 -А1, 3-А3, 1 MIX(А3+В) анықталды», — деді мамандар.

Ведомствода атап өткеніндей, «тұмаудан алдын- ала қорғанып, дәрі еккендер арасынан дертке шалдыққандар анықталмады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті