Алматыда оқ-дәрілер сатпақ болған Тараздың тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқ-дәрілер сатпақ болған Тараздың тұрғыны ұсталды

Алматыда оқ-дәрілер сатпақ болған Тараздың тұрғыны ұсталды

Алматы. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 7-ақпан күні Калашников автоматының 120-дан астам оқ-дәрілерін сатпақ болған Тараздың 39 жасар тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Ақпан 2008
  • 620
Фото - Caravan.kz

«Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің экстремизммен, сепаратизммен және терроризммен күрес басқармасының қызметкерлері Тараздан келген пысықай қонақ туралы жедел ақпарат алып, тез арада оқ-дәрілердің сатылу мерзімі мен жерін анықтаған, атап айтқанда кездесу 7-ақпанда кешкі сегіз жарымда Жансүгүров пен Сейфуллин көшелерінің қиылысына межеленген»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Тараздың тұрғыны сатып алушыдан әрбір оқ үшін бір АҚШ долларын сұраған. Саудагер оқ-дәрілерді сату кезінде қолға түсті.

«Ұстау кезінде күдікті өзін өте салмақты ұстаған. Қойылған сұрақтарға ұғымды жауап беріп, өзінің оқ-дәрі сатуға қатысты екендігін мойындаған. Сонымен қатар, ұсталған азаматты тінту барысында одан есірткі заттары — жалпы салмағы 40 гр асып жығылатын гашиш табылды»,- деп хабарлады Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің экстремизммен, сепаратизммен және терроризммен күрес басқармасы бастығының орынбасары Санат Оралбаев. Оның айтуынша, тергеу ұсталғанның есірткіні сату үшін емес, жеке басына тұтыну үшін сақтағандығын анықтаған. «Ал көшеден тауып алған-мыс патрондарды ол сатпақ болып шешкен».

Сондай-ақ, күдіктінің бұрын алаяқтық, бопсалаушылық және тонау қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылғандығы белгілі болды. С. Оралбаевтың айтуынша, Жетісу АІІБ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, өзімен алып жүру, сату және есірткі заттарын заңсыз сақтау қылмыстарын қарастыратын екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті