"Қазынаның" бастамасымен дәрі-дәрмектің біртұтас автоматтандырылған дистрибуциялық жүйесінің жобасы жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазынаның" бастамасымен дәрі-дәрмектің біртұтас автоматтандырылған дистрибуциялық жүйесінің жобасы жасалуда

"Қазынаның" бастамасымен дәрі-дәрмектің біртұтас автоматтандырылған дистрибуциялық жүйесінің жобасы жасалуда

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" Тұрақты даму қорының бастамасымен дәрі-дәрмекті мемлекеттік медициналық мекемелерге дистрибуциялаудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің жобасы жасалуда. Бұл туралы қор басқармалары төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов қордың алқа мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Ақпан 2008
  • 422
Фото - Caravan.kz

«»Қазынаның» бастамасымен қазір дәрі-дәрмекті мемлекеттік медициналық мекемелерге дистрибуциялаудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің жобасы жасалуда», — деді Қ. Айтекенов.

«Одан күтілетін тиімділік — мемлекет сатып алатын дәрі-дәрмек бағасының төмендеуі, импорттан тәуелділіктің азаюы, отандық өндірістің ұлғаюы мен бақылауды автоматтандыру», -деді ол.

Қ. Айтекеновтың айтуынша, жобаны «Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Малайзияның тәжірибесінің негізінде жасаған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті