Біз инвестиция туралы талқылауды жалғастыру үшін премьер-министрдің алдағы уақыттағы Вашингтонға сапарын асыға күтеміз - Р.Баучер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз инвестиция туралы талқылауды жалғастыру үшін премьер-министрдің алдағы уақыттағы Вашингтонға сапарын асыға күтеміз - Р.Баучер

Біз инвестиция туралы талқылауды жалғастыру үшін премьер-министрдің алдағы уақыттағы Вашингтонға сапарын асыға күтеміз - Р.Баучер

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Біз инвестиция туралы талқылауды жалғастыру үшін және көптеген экономикалық мәселелерді, сондай-ақ мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігі (МЖӘ) саласындағы келісімді қорытындылау үшін алдағы уақыттағы премьер-министрдің Вашингтонға сапарын асыға күтеміз". Бұл туралы бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Ричард Баучер Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Ақпан 2008
  • 761
Фото - Caravan.kz

«МЖӘ-ті кеңейту экономиканы дамыту және Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер береді», — деп атап өтті Р. Баучер. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара экономикалық іс-қимылды кеңейту жөнінде бірқатар мәселені талқылады.

Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретінде толыққанды, ашық және үйлесімді әріптестік қағидаттарын ұстануды жалғастыра беретінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың деңгейіне тоқталып, оның келешекте де дами беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті