Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Переспен телефон арқылы әңгімелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Переспен телефон арқылы әңгімелесті

Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Переспен телефон арқылы әңгімелесті

Астана. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Израиль жағының бастамасымен кеше Tлбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Израиль мемлекетінің президенті Шимон Перес телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Ақпан 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында мемлекет басшылары түрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен оны дамытудың келешегін талқылаған. Атап айтқанда, тараптар парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдіріп, технологиялар мен инновациялар саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделілік танытты.

Президент Шимон Перес Нұрсұлтан Назарбаевтың Азия өңіріндегі рөлін атап көрсетті және Израильдің еліміздің экономикалық табыстарын жіті бақылап отыратынын, сондай-ақ Қазақстандағы толеранттылық пен ұлтаралық келісім саясатын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, Н. Назарбаев Таяу Шығыстағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілетіндігіне үміт білдіріп, Ш. Пересті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті