АҚШ Қазақстанның бағдарламасын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанның бағдарламасын қолдайды

АҚШ Қазақстанның бағдарламасын қолдайды

Астана. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Қазақстанның "Еуропаға жол" бағдарламасын қолдайды. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орта Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Ақпан 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Біз президент Назарбаевпен бірге «Еуропаға жол» бағдарламасын талқыладық. Біз бұл бағдарламаны толығымен қолдаймыз және ол шындығында да Қазақстанға заманауи экономикасы бар мемлекетке айналуға мүмкіндік беретін бағдарлама болуы үшін оның барлық қырларын талқылайтын болмыз», — деді Р. Баучер.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне байланысты «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Ел президенті: «Бағдарлама экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технологияны, басқару тәжірибесін тартуға, заңдарды жетілдіруге, ЕҚЫҰ-да төрағалы етудің стратегиялық көрінісін жасауға ықпал етуі тиіс», — деп түсіндірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті