Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізінің дәрежесі жөніндегі сарапшыларының кездесуі Ашхабадта өтеді - Әзербайжан СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізінің дәрежесі жөніндегі сарапшыларының кездесуі Ашхабадта өтеді - Әзербайжан СІМ

Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізінің дәрежесі жөніндегі сарапшыларының кездесуі Ашхабадта өтеді - Әзербайжан СІМ

Баку. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан мен Түркіменстанның Каспий теңізінің орта сызығын белгілеу жөніндегі сарапшылар тобының кезекті кездесуі Ашхабадта өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Ақпан 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Бакуде 6-8 ақпан күндері өткен кездесу барысында Каспийдің құқықтық дәрежесі туралы ой-пікірлер алмасылды, теңіз түбін бөлу және Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы теңіз түбінің орта сызығының координаттарын анықтау мәселелері талқыланды. Тараптар талқылауларға оң баға беріп, кезекті кездесуді Ашхабад қаласында өткізуге келісті», — деп көрсетілген хабарламада.

Кездесуде Түркіменстан делегациясын Түркіменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Хошкелді Бабаев, ал Әзербайжан делегациясын республиканың сыртқы істер министрі Халаф Халафов басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті