«17 — 19 ақпанда Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаевтың Қазақстанға ресми сапары басталады. Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өткен жылдың 25-26 сәуір айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бішкекке ресми сапарының қорытындысы бойынша құрылған сыртқы істер министрлері кеңесінің екінші отырысы өткізіледі», -деп хабарлады Е. Ашықбаев.
СІМК екінші отырысында екі жақты қатынастардың сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени гуманитарлық салалары бойынша мәселелері талқыланады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының СІМК ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің өткен жылы қараша айында Бішкекке барған ресми сапары барысында өткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті