Ақтөбе прокуратурасы "ТК Батысқазгрансервис" ЖШС 12 млн теңгеден аса айыппұл салды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе прокуратурасы "ТК Батысқазгрансервис" ЖШС 12 млн теңгеден аса айыппұл салды

Ақтөбе прокуратурасы "ТК Батысқазгрансервис" ЖШС 12 млн теңгеден аса айыппұл салды

Ақтөбе. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдаланып отырған "ТК Батысқазгрансервис" ЖШС рұқсатсыз пайдалы қазбаларды шығарғаны үшін 12 млн теңгеден аса айыппұл салды. Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы басқармасының бастығы Серік Сасаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Ақпан 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

С. Сасаевтың сөздері бойынша,»ТК Батысқазтрансервис»ЖШС кеңінен таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және шығару жөнінде үш келісім шартына ие болғанымен, заң бойынша кен орындарына мемлекеттік сараптау жүргізілгеннен кейін қазба байлықты шығаруға кірісуі керек еді.

«Алайда, заңға қарамастан, кәсіпорын пайдалы қазба байлықтарының қорына мемлекеттік сараптау жұмыстары мен кен орнындағы қор көлемін есептеу шараларын өткізбестен, «Ақраб» кен орнында өз бетімен 64,9 мың тонна көлемінде құм- қиыршық тас қоспасын шығарған», — деп хабарлады С. Сасаев.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша, Ақтөбенің арнайы ауданаралық экономикалық соты кеңінен таралған пайдалы қазбаларды өз бетімен шығарғаны үшін «ТК Батысқазтрансервис» ЖШС 12 млн теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім шығарды. Сонымен қатар, лауазымды қызметкердің заң бұзушылыққа барып, сыбайлас жемқорлық жағдайын туғызғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

С. Сасаев атап өткеніндей, кен орындарын пайдаланып отырған басқа кәсіпорынды («Интерстиль»ЖШС) тексеру кезінде де заң бұзушылықтардың бары анықталды.

Кәсіпорын былтырғы жылдың басында жүргізілген тексеру кезінде қоршаған ортаның эмиссиясына рұқсат құжатын алмағандығы және қорғашан ортаға келтірген залал үшін айыппұлды төлемегендігі анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша, «Интерстиль»ЖШС 486,7 мың теңге өндірілді. Сонымен қатар, кәсіпорын әкімшіліктік жауапқа тартылды.

Жалпы прокурорлық тексеруден 67 кен орнын пайдаланып отырған кәсіпорындар өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті