ШҚО көктемде цемент зауытының құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО көктемде цемент зауытының құрылысы басталады

ШҚО көктемде цемент зауытының құрылысы басталады

Өскемен. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Ортабұлақ ауылында көктемде цемент зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Ақпан 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Зауытта 500 жұмыс орны ашылады. Жарма ауданында бұл екінші цемент зауыты болмақ. Олардың әрқайсысы жылына 1 млн тонна цемент шығарады. Нысандарға $175 млн көлемінде мемлекеттік инвестициялар жұмсалған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызмет хабарлағанындай,мемлекет тарапынан екінші зауыттың құрылысына $80 млн инвестиция Шар қаласында бөлінді. Оны осы жылдың күзінде тапсыру жоспарланған.

«Цементтің өзіндік құны 30% арзан болады. Өнімнің арзан болуына Шар-Өскемен шойын жолдың жақын жерде жатқандығы себеп. Сондықтан өнімді Қазақстанның барлық ішкі нарығына тасымалдауға мүмкіндік болады», -деді облыстық әкімдікте.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша ШҚО Жарма, Аягөз, Көрші аудандары келесі жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылмайды. Бүгінде аймақтың үш жылдың экономикалық даму бағдарламасы дайындалды. Оның аясында осындай, серпінді жобалар жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті