Жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек - премьер

Жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек - премьер

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өз міндеттемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан алынған кеніштерді Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек. Бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Ақпан 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының жолдауында өздерінің келісім-шарттағы міндемелерін орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тәртіп орнату жөнінде нақты тапсырмалар берілген, біздің заңнамаға сәйкес кеніштерді қайтарып алуымыз үшін», -деді Кәрім Мәсімов.

«Меніңше, оларды қайтарып, бірден Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беру керек», — деді ол.

«Мемлекет басшысы өз жолдауында үкіметке берген екінші тапсырма — жерге қатысты іс-қызметті ретке келтіру мәселесі, яғни, қажетті талаптарды орындамай, немесе, түрлі міндеттемелерін орындамай жер сатып алғандар оны қайтаруға тиіс. Ал Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай жерлерді дұрыс пайдалануға тиіс институт», — деді премьер.

«Сол себепті мен бүгін өз міндеттемелерін орындамайтын жер қойнауын пайдаланушылар мен жер мәселесі бойынша екі жұмыс тобын құруға шешім қабылдадым», — деді ол.

Премьер-министр екі топтың жетекшісіне өзінің орынбасары Өмірзақ Шүкеевті тағайындады.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары нақты әрі дер кезінде орындалуға тиіс, осы жөнінде мен бейсенбі күні өзімнің қорытынды тапсырмамда баяндайтын боламын», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті