ТЖМ мәліметінше, 12 ақпанда 23 сағат 20 минутта Қарағанды облысының Қаражал қаласында реттелмейтін темір жол өткелінде «ВАЗ-2105» автокөлігі мен №6798 (кен тиелген 8 вагон) тепловозы соқтығысты.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты салдарынан «ВАЗ-2105» көлігінде отырған әйел оқиға орнында қаза тапты. Автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті