Ақтөбеде газ баллонының жарылуы салдарынан 4 адам, соның ішінде балалар ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде газ баллонының жарылуы салдарынан 4 адам, соның ішінде балалар ауруханаға жатқызылды

Ақтөбеде газ баллонының жарылуы салдарынан 4 адам, соның ішінде балалар ауруханаға жатқызылды

Алматы. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде газ баллонының жарылуы салдарынан 4 адам, соның ішінде балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Ақпан 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, бүгін 00 сағат 48 минутта Ақтөбе қаласының маңындағы Пригородный кентінде барак үлгісіндегі 9 пәтерлі тұрғын үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан 4 пәтерде өрт шықты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында 3 пен 6 жас аралығындағы екі бала бар.

Өртті ҚР ТМЖ Өрт сөндіру қызметінің 6 арнаулы техникасы мен 35 адамы 6 сағатта сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті