Кәсіпкерлер ҰҚК қызметкерлерін қылмыстық істі қолдан жасады деп айыптауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлер ҰҚК қызметкерлерін қылмыстық істі қолдан жасады деп айыптауда

Кәсіпкерлер ҰҚК қызметкерлерін қылмыстық істі қолдан жасады деп айыптауда

Алматы. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Pharaon Inc", "Береке Inc" және "Mitcyco Inc" кәсіпорындары иелерінің пайымдауынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің өздерінің үстінен қозғаған қылмыстық ісі жалған. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында кәсіпкер Роман Богданов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

Роман Богдановтың айтуынша, 2004 жылдың 8-қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобының бастығы С. Түлентаев «Pharaon Inc», «Береке Inc» және «Mitcyco Inc» ЖШС — нің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабы (жалған кәсіпкерлік) мен 222-бабының 2-тармағы бойынша (салық төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғаған.

Жоғарыда аталған үш кәсіпорынның үстінен қозғалған қылмыстық іс туралы қаулыда олардың мемлекетке 129 млн теңгеден астам шығын әкелгендігі көрсетілген.

«Қылмыстық істі қозғау барысында қылмыстық іс қозғау туралы мынадай рапорт-қаулы жасалған. Атап айтқанда, тергеу бір кәсіпорынның есепшотына 19 млн мемлекеттік бюджет қаржысы түскендігін көрсеткен. Тергеуші осы 19 миллионды 73 млн алынған, деп жазады»,- деп хабарлады Р. Богданов.

Р. Богдановтың айтуынша, 2004 жылдың 24-қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-тергеу тобының бастығы С. Түлентаевтің қолы қойылған мүлікке тыйым салу туралы қаулы шыққан. Соның салдарынан тек компания ғана емес, қылмыстық іске қатысы бар адамдар да зардап шегіп отыр.

«Бұл жағдайда біз мүлкін жалға алып отырған жазықсыз тұлғалар зардап шекті. Олар біз үшін мүліктерінен айырылды»,- деді Р. Богданов.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің мәлімдемеге қалай әрекет ететіндігін күтуде. С. Уткиннің айтуынша, олар қылмыстық істің заңсыз қозғалғандығы сотта дәлелдемек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті