Мәжіліс ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітуді мақұлдады

Мәжіліс ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітуді мақұлдады

Астана. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі 2000 жылдың 10 қазанындағы келісімге түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізуді қарастырады», -деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Атап айтсақ, хаттама «Кедендік одақтың жоғарғы органы» ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.

Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.

Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті