Шымкентте әкімдердің есеп беруі кезінде тұрғындар көбінесе жылудың жоқтығына шағымданады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әкімдердің есеп беруі кезінде тұрғындар көбінесе жылудың жоқтығына шағымданады

Шымкентте әкімдердің есеп беруі кезінде тұрғындар көбінесе жылудың жоқтығына шағымданады

Шымкент. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер сапасыз жылу алады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

Есеп беру кездесулерінде адамдар сапасыз жылу берілетініне және жылуды өндіретін кәсіпорындардың жылу үшін қайта есеп жасамайтынына қатысты мәселелерді көтеріп шағымданды.

12 ақпанда тұрғын үйдердің төрағалары, мектеп және бала бақшаларының директорлары, үш аудан әкімі ТЭЦ-3 жетекшілерімен кездесуі өтіп, онда жылу сапасына қатысты наразылықтар білдірілді. Онда айтылғанындай, бүгінде 22 бала бақшасының меңгерушісі жылудың жоқтығынан жылуды беру қызметімен айналысатын кәсіпорындарының үстінен сотқа шағымданған.

Кластардағы ауа температурасының төмен болуына байланысты 16 ақпанған дейін жабылған № 41 мектеп директорының айтуынша, мектепте жылу режимі бұзылғандықтан, балалар арасында тұмау, сары ауру, қызылша дерті өршіді. «Ең қорқынышытысы қызылша жоғары сынып оқушылары арасында таралды. Ал есейген сайын бұл ауруға шалдығатындарға оның залалы өте ауыр тиетіні белгілі «.

Санитарлық дәрігерлердің жуырда ғана өткізген тексерулері барысында № 2 мектептің ішіндегі температура 4 градус болған. Қазір сабақтарды тоқтату жөнінде мәсәле қарастырылып жатыр. Кейбір мектептер мен бала бақшалардың жетекшілері жаңа жылу желісі қосылмай тұрғанда оларда жылу болғанын, кейін жаңа жүйе орнатылғаннан соң желідегі қысым төмендеп, мектептің іші суық болып кетті.

«Энергоорталык-3» АҚ бас директоры Нұрлан Қуатов өзінің сөзінде былай деді: «Барлық жерде бәрі ойдағыдай болмайды. Біз қаланың оңтүстік бөлігіне бәрілмеген жылуды жаңа желі арқылы жеткіздік. Енді барлық жүйе бойынша реттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жаңа жылу беру кезеңіне дайындалу барысында айтылған барлық пікірлер мен сындарды ескеруге тырысамыз».

Мамандардың айтуынша, жеке тұрғын үйлер мен ұйымдарында жылу жоқтығы жылу жүйесіндегі қысымның төмен болуымен ғана байланысты емес, оған үй ішіндегі жылу желісінің ескіруі және кәсіби техникалық қызмет көрсетудің жоқтығы да себеп.

Мәселен, Әл-Фараби орталық алаңындағы бірнеше үй 20 күндей жылусыз отырды. 22 қаңтарға қараған түнінде № 2 үйдің жылу беру құбыры жарылды. Апатты жоюға келген «ЛТД Тұрмыс» бригадасы суды тоқтатқан, бірақ жүйеден суды төкпеген. «Ондағы тұрғындар жаздың күні элеваторлық түйінді жөндемеген. Суды ұстайтын ысырма істен шыққандықтан, құдық жағынан су беру тоқтатылды. Сөйтіп, құдықтан үйге дейін тартылған құбыр қатып қалған. Қазір біз оны жылыттық, енді жылуды тіреуіштерден бастап беріп жатырмыз», — деп түсіндірді қалалың тұрғын-коммуналдық шаруашылық бөлім бастығының орынбасары Әбдімәлік Балбаев агенттік тілшісіне.

«ЛТД Тұрмыс» мамандарының жұмыс сапасына қатысты наразылықтар ұйым жетекшілері мен тұрғын үй төрағалары тарапынан үнемі келіп түсуде Құрылтайшы қала әкімі болып отырған бұл ұйым қалалық коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетумен айналысады. Облыс әкімдігінде жуырда өткен алқа жиналысында, алдағы жылы жылу кезеңіне дайындық жұмыстарын ТЭЦ-3 мамандары жүргізетін болсын деген ұсыныс айтылды.

«Қалада қазір 16 тұрғын-коммуналдық учаскесі бар. Әрбір учаскеде апатты жоятын бригадалары бар. Ондай жұмыстарға бірден 12 адам жұмысдырылады. Сонымен қатар,ТЭЦ-3 бригадалары жұмыс істейді. Тәулік ішінде жылу мәселесі бойынша 10-15 өтінім түсіп, оның 95% сол күні жасалады «, — деді Ә. Балбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті