«Біздің Грузия» партиясының мүшесі, танымал шахматшы Нона Гаприндашвилидің Тбилисиде хабарлағанындай, кәсіпкердің өліміне жүрек ақауы себеп деген алдын-ала жорамал айтылуда.
«Біздің Грузия» партиясының мүшелері Лондондағы Патаркацишвилидің туыстарымен байланысқа шыға алмауға байланысты әзірге оқиғаның егжей-тегжейі беймәлім.
Б. Патаркацишвили Грузиядағы ең бай адамға саналады. 2007 жылдың қараша айында елдегі саяси ахуалдың ушығуына және Патаркацишвилиге тиесілі «Имеди» телеарнасының қиратылуынан кейін грузин билігі кәсіпкерді мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптаған болатын.
Бұдан кейін Б. Патаркацишвили елдің саяси өміріне араласуға және «Біздің Грузия» партиясын құруға ниетін білдірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті