Қазақстан Қырғызстаннан Тоқтағұл су қоймасынан су жіберу көлемін азайтуды сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстаннан Тоқтағұл су қоймасынан су жіберу көлемін азайтуды сұрайды

Қазақстан Қырғызстаннан Тоқтағұл су қоймасынан су жіберу көлемін азайтуды сұрайды

Бішкек. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның оңтүстігінде тасқын болу қаупі туындауы мүмкін, себебі қазіргі уақытта Тоқтығұл су қоймасынан үлкен су ағыны жіберілуде. Осыған байланысты Қазақстан Қырғызстаннан Тоқтығұлдан су жіберу көлемін азайтуды сұрайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы Қазақстан Республикасының істері бойынша уақытша өкіл Боранбек Әлбергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Боранбек Әлбергеновтың айтуынша, екі елдің арасындағы қол қойылған екіжақты хаттамаға сәйкес 1-қараша мен 31-наурыз аралығында су жіберілімі 650 текше метрмен шектелуге тиіс екендігіне қарамастан, Қырғызстан секундына 840 текше метр су жіберуде. Соның салдарынан Қазақстандағы Шардара су қоймасы толып бара жатыр, ал Сырдарияның төменгі жағындағы мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жеткен. Егер күн жылына бастаса оңтүстікте төтенше жағдай туындайды. Сондықтан да біз қырғыз жағының өз міндеттерін орындап, Тоқтығұл су қоймасынан жіберілетін суды 650 — 700 текше метрге дейін азайтуды сұраймыз»,- деп хабарлады дипломат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті