"Қырғызгаздың" "Қазтрансгаздың" алдындағы қарызы 18,4 млн АҚШ долларын құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қырғызгаздың" "Қазтрансгаздың" алдындағы қарызы 18,4 млн АҚШ долларын құрайды

"Қырғызгаздың" "Қазтрансгаздың" алдындағы қарызы 18,4 млн АҚШ долларын құрайды

Бішкек. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның арасында осы уақытқа дейін шаруашылық мәселелері шешілмей келеді. "Қырғызгаздың" "Қазтрансгаздың" алдындағы қарызы 18,4 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қырғызстандағы Қазақстан Республикасының істері бойынша уақытша өкіл Боранбек Әлбергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Боранбек Әлбергеновтың хабарлауынша, қарыз 2006 жылы Өзбекстан Қырғызстанға табиғи газ тасымалдаудан бас тарқан кезде пайда болған.

«Сол кезде біз қырғыз ағайындарын газбен қамтамасыз еттік. Ең қызығы, Қырғызстан Өзбекстанмен дер кезінде есеп жасасады, тіптен алдын ала төлем жасайды. Сөйте тұра біздің қарызымыз қаншама жылдан бері төленбеуде»,- деді дипломат. Боранбек Әлбергеновтың айтуынша, Қазақстан қарыз мәселесін шешу үшін Қырғызстаннан активтер қабылдауға, Қырғызстанның газ шаруашылығындағы жекешелендіру процессіне қатысуға әзір.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті