Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" партиясының парақшаларын таратқандығы үшін медицина университетінің студенті сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" партиясының парақшаларын таратқандығы үшін медицина университетінің студенті сотталды

Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" партиясының парақшаларын таратқандығы үшін медицина университетінің студенті сотталды

Алматы. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Хизб-ут-Тахрир" партиясының парақшаларын таратқандығы үшін медицина университетің студенті сотталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Ақпан 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, медицина университетің 24 жастағы студенті өткен жылдың 27-қыркүйегі күні қызметі Қазақстанда тыйым салынған халықаралық «Хизб-ут-Тахрир» саяси партиясының парақшаларын тарату кезінде Мұстафа Өзтүрік және Манас көшелерінің қиылысында тұтқындалған болатын.

«Сотталушы парақшалар көлігіне әдейілеп бөтен адам тастаған деп ант-су ішсе де, сот оның қолынан парақшалар алған үш куәгер негізінде оны айыпты деп тапты. Жаза белгілеу кезінде сот оның асырауында екі бала, жары және ауру анасы болған қиын отбасылық жағдайын ескере отырып, бір жылға бас бостандығынан айырды», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Мемлекеттік айыптаушы Әйгерім Мырзамәдиеваның ұсынуымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінің ректорына және сотталушы оқыған емдеу факультетінің деканына студенттер арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілгендігі көрсетілген қаулы шығарылды.

«Сотталушыға қатысты сот үкімі әлі өз күшіне енген жоқ. Себебі, ол аппеляциялық шағым түсірген», — деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті