Шымкенттік бақшашылар кейінгі кездері саяжайлардағы өрік, алма, қара өрік пен жүзім ағаштарының қатып қалғанын байқауда. Облыс бойынша шығынның жалпы көлемі жөніндегі ресми мәлімет жоқ, бірақ мамандардың пайымдауынша, шығын ауқымды болмақ. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 1969 жылдан кейін мұндай аяз болмаған, ол кезде бақшалардың басым бөлігі қатып қалған болатын.
Аяздардан жылыжайлар да зардап шекті. Жергілікті жерлердің хабарлауынша, Сарыағаш ауданында жылыжайларда келешек түсім үшін отырғызған екпе көшеттер үсіп кеткен. Мақтаарал ауданында жылыжай қожайындары жұмыстарды кейінге қалдырды. Осыған байланысты сауда сөрелеріне жаңа көкөніс әдеттегіден жай түспек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті