Қарағандыда адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда адам ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Талғат Ақшалов хабарлады.

  • 14 Ақпан 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Т. Ақшаловтың айтуынша, 8-ақпанда Қарағанды облысының Абай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Абай қаласының 21 жасар тұрғыны жәбірленушіні күш көрсете отырып «Мерседес» көлігінің жүк салғышына салып, Абай қаласының маңындағы жазыққа алып кеткен.

«Адам ұрлаушыны «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған. Куәлердің қатысуымен көлікке тексеру жүргізіліп, көлік жүк салғышынан жәбірленушіні алып шыққан»,- деп түсіндірді Т. Ақшалов.

Бұрын хабарлағанымыздай, 1-ақпанда Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Абай ауданының Вольный аулының тұрғыны шағымданған болатын. Ол өзін ақы-пұлсыз жұмысқа салмақшы болып, күш көрсетіп жүрген адамды қылмыстық жауапқа тартуды сұраған болатын. Осы арыз бойынша прокуратурадан жедел-іздестіру шараларын жүргізуге рұқсат берілген болатын. Аталмыш дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 125-бабының 3-тармағы бойынша (адам ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлға уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті