АҚШ мемлекеттік хатшысы Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық мәселелерді шешу үшін арнайы өкілін тағайындауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік хатшысы Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық мәселелерді шешу үшін арнайы өкілін тағайындауды жоспарлап отыр

АҚШ мемлекеттік хатшысы Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық мәселелерді шешу үшін арнайы өкілін тағайындауды жоспарлап отыр

Алматы. 15ақпан. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Раис саяси ықпал жасау үшін отын көздерін шара ретінде қолданғысы келетін жағдайда Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық мәселелерді шешетін арнайы өкілін тағайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік РосБизнесКонсалтинг (РБК) агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Ақпан 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

РБК ақпараты бойынша, К. Райс бұны Венесуэланың АҚШ-қа мұнай жеткізуді тоқтату жөнінде айтқан қорқытуларынан кейін, конгресте өткен тыңдаулар -отырысы барысында мәлімдеді.

«Мен Каспий аймағы мен Орталық Азияда энергетикалық меселелермен айналысатын арнайы үйлестірушіні тағайындауды жоспарлап отырмын «, -деп мәлімдеді К. Райс. Сонымен қатар, үйлестіруші әлемдік нарықта өршіп бара жатқан энергетикалық тұрақсыздық мәселесімен айналысады. «Бұл дипломатияның маңызды бөлігі. Сонымен қатар, әлемнің кейбір түкпірінде энергетикалық саясат дипломатияны деформациялауда», — деп атап өтті АҚШ сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті