Алматыда ҰҚКД қызметкерлері үш жемқорды қолға түсірді - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҰҚКД қызметкерлері үш жемқорды қолға түсірді - телеарна

Алматыда ҰҚКД қызметкерлері үш жемқорды қолға түсірді - телеарна

Алматы. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ҰҚКД қызметкерлері үш жемқорды қолға түсірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 18 Ақпан 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлеріне қатарынан үш жемқорды тұтқындаудың сәті түсті. Олардың бірінің, фармацевтикалық бақылау комитетінің директоры бопсалау ісімен белсенді айналысқаны анықталды. Шенеунік өзінің кезекті парасын алу кезінде тұтқындалды. Кәсіпкерлерден белгілі болғандай, ол кәсіпкерлер есебінен 800 мың теңгеге қалтасын қалыңдатқан», — деп хабарлайды телеарна.

Сонымен қатар, тұтқындалушының қызмет бөлмесін тінту кезінде ақша салынған 11 конверт табылды. Ол конверттерде 1 млн 600 мың теңге мен 4 мың АҚШ доллары болған.

Сондай-ақ, ҰҚК қызметкеріне пара бермекші болған кезінде бір шенеунік тұтқындалған. «Қорғаныс министрлігінің жанындағы сот сараптамасының орталық зертханасының сарапшысы мен бастығының орынбасары ҰҚК әскери қарсы барлау қызмкеткерін сатып алмақшы болған. Олар жалған кәсіпорын арқылы ақша жымқыру бойынша қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін 20 мың АҚШ долларын ұсынған», — деп хабарлайды телеарна.

Мұндай қылмыстар үшін Қылмыстық кодекс 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Телеарна хабарлағандай, бұл соңғы кездері орын алған ҚР ҰҚК қызметкерін сатып алуға ұмтылудың үшінші алдын алу дерегі болып табылады.

Бұдан бұрын 30 мың және 3,5 мың АҚШ долларын осындай мақсатта бергендері үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық барлау басқармасы бастығының орынбасары мен Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотының судьясы тұтқындалып, кейіннен жауапқа тартылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті