Астанада су тасқынына қарсы жұмыстар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада су тасқынына қарсы жұмыстар басталды

Астанада су тасқынына қарсы жұмыстар басталды

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су тасқынына қарсы жұмыстар басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун дүйсенбіде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі

  • 18 Ақпан 2008
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Астанада су тасқынына қарсы шаралар аясындағы жұмыстар қолға алынды. Қысқы кезең басталғалы, яғни 2007 жылдың 7 қарашасынан бастап, қала сыртында жатқан қар үйінділеріне 271 мың текше метр қар шығарылып, жолдарға, көпірлерге, қиылыстарға, қала ішіндегі жолдарға көктайғаққа қарсы 6962 текше метр реагент төгілді «, — деп хабарлады С. Хорошун қала әкімдігінің шұғыл жиналысында.

Сонымен қатар, «Астана Қалакоммуншаруашылығы» АҚ өткен аптада мұз қалашығындағы сырғанақ төбелері мен мұз фигураларын тазартып, Ақбұлақ өзеніндегі және ескі қаланың орталық алаңындағы мұз айдындарын тегістеп, ретке келтірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті